ҰҚК терроризм мен экстремизмге қатысты 19 адамның сотталғанын, 28 күдіктінің ұсталғанын хабарлады

Бүгін, 2026 жылғы 2 қыркүйекте, Ұлттық қауіпсіздік комитеті жаз мезгілінде жүргізілген терроризмге қарсы іс-қимыл жұмыстарының нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2026 14:58 Сурет: gov.kz
Бүгін, 2026 жылғы 2 қыркүйекте, Ұлттық қауіпсіздік комитеті жаз мезгілінде жүргізілген терроризмге қарсы іс-қимыл жұмыстарының нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитет мәліметінше, 2026 жылғы маусым-тамыз аралығында террористік және экстремистік қылмыс жасаған 19 адам әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандардың бірі – Алматы қаласының тумасы. Ол халықаралық террористік ұйымдардың қызметіне қатысқаны үшін 2017 жылдан бері іздеуде болған. Күдікті Түркия аумағында анықталып, 2025 жылы Қазақстанға депортацияланған және қылмыстық іс аясында қамауға алынған. Сот үкімімен ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Тағы бір сотталған Шымкент тұрғыны әлеуметтік желілерде терроризм идеологиясын насихаттап, айналасындағы адамдарды зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға үгіттеген. Ол тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

"Осы кезеңде жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 28 адам ұсталды", – деп хабарлады ҰҚК.

Олар терроризмді насихаттады, діни алауыздықты қоздырды, интернетте және өз ортасында тыйым салынған материалдарды таратты, сондай-ақ экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деген күдікке ілінді.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жарияланбайды.

Бұған дейін ҰҚК Қазақстан шекарасындағы ахуал туралы хабарлаған еді. Толығырақ сілтемеден оқуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: