Министрдің айтуынша, енді операторлар интернетке қосу және халықаралық IP-телефония қызметтерін көрсету үшін лицензия алуға тиіс.
"Байланыс операторларының Ұлттық банктің Антифрод-орталығымен бірлесіп жұмыс істеу тәртібі бекітілді. Заңды тұлғалардан түсетін қоңырауларды таңбалау енгізіледі. Абонент өзіне қай ұйым қоңырау шалып тұрғанын телефон экранынан көре алады. Ұялы байланыс нөмірін тіркеу кезінде абонент биометриялық аутентификациядан өтуге тиіс. Мобильді құрылғыларды верификациялау тәртібі де нақтыланды. IMEI-код бойынша тексеру елге заңсыз әкелінген телефондар мен коды ауыстырылған құрылғыларды анықтауға көмектеседі", – деді Жаслан Мәдиев.
Бұған дейін Жаслан Мәдиев үш жылда телекоммуникация саласына салынатын инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгеден асатынын хабарлаған еді.