Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 3,19 теңгеге өсіп, 458,28 теңгеге жетті.
Ресей рублінің бағамы 0,04 теңгеге көтеріліп, 5,58 теңге болды. Қытай юані 0,39 теңгеге қымбаттап, 68,80 теңгені құрады.
Айырбастау пункттерінде долларды 457,3 теңгеден сатып алып, 460,3 теңгеден сатып жатыр. Еуроны сатып алу бағамы – 499,7 теңге, сату бағамы – 504,5 теңге. Рубльді тиісінше 5,24 теңгеден сатып алып, 5,38 теңгеден сатып жатыр.
24 қарашада әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендеп жатыр. ICE Futures биржасындағы электрондық саудада Brent маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстері 0,52%-ға арзандап, баррелі 86,23 доллар болды.
NYMEX биржасындағы электрондық саудада WTI маркалы мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері 0,60%-ға арзандап, баррелі 79,69 долларға түсті.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 455,12 теңге, еуроны 498,99 теңге, рубльді 5,55 теңге деңгейінде белгіледі.
24 қарашада күннің бірінші жартысында Қазақстанның айырбастау пункттерінде шетел валютасын қандай бағаммен сатып алып, сатқанын осы жерден көруге болады.