Ақтауда айналымы 63 млн теңгеден асқан жасырын ойынхана анықталды

Фото: unsplash
Ақтауда заңсыз ойынхананың қызметі тоқтатылды. Оның ақша айналымы 63 млн теңгеден асқан. Заңсыз бизнесті ұйымдастырған ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 24 қарашада Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Жасырын ойынхананы прокуратураның үйлестіруімен Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері анықтаған.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2026 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында бір топ адам арнайы үй-жайды ойын терминалдарымен жабдықтап, ақшалай бәс қабылдап, құмар ойындар ұйымдастырған.

"Тергеу әрекеттері барысында ойын жабдықтары тәркіленді. Мамандардың қорытындысына сәйкес, қабылданған ақшалай бәстердің жалпы сомасы 63 млн теңгеден асқан", – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 3-бөлігі ("Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру") негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайлары жария етілмейді.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 4 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Дмитрий Пунин мен Марина Ильинаға іздеу жарияланғанын растады. Агенттіктің мәліметінше, олар қазақстандық пайдаланушыларға бағытталған Pinco және Pin-Up интернет-казиноларының заңсыз қызметін ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады