Қазақстанда әскери қызметші зейнетке шығу құқығын сот арқылы қорғады

Фото: pexels
Қазақстанда әскери қызметші шекті жасқа толғанына қарамастан, әскери бөлім басшылығы оны қызметтен босатудан бас тартқан. Өз құқығын қорғау үшін ер адам сотқа жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Істі Ақмола гарнизонының әскери соты қарады. Ер адам Ұлттық ұланға қарасты әскери бөлімнің үстінен талап арыз түсіріп, шекті жасқа толуына байланысты әскери қызметтен босатылу құқығын тануды және әскери бөлімнің оны қызметтен босатудан бас тарту туралы шешімін заңсыз деп тануды сұраған.

"Істі қарау барысында прапорщик әскери атағымен қызмет атқарып жүрген талап қоюшыны 45 жасқа толуына байланысты әскери қызметтен босатудан бас тартылғаны анықталды. Әскери бөлім мұндай шешімді келісімшарт талаптарымен негіздеген. Іс материалдары мен тараптардың уәждерін зерделеген сот ҚР "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңының 55-бабының 3-тармағына сәйкес, талап қоюшының 45 жасқа толуына байланысты әскери қызметтен босатылуға құқығы бар деген қорытындыға келді", – деп хабарлады Әскери сот 2026 жылғы 25 қарашада.

Сот талап арызды қанағаттандырып, әскери қызметшіні қызметтен босатудан бас тартуды заңсыз деп таныды.

Әскери бөлімге прапорщиктің зейнетақы ісін қалыптастырып, оны әскери қызметтен босатуды рәсімдеу үшін қажетті құжаттарды жолдау міндеті жүктелді. Сонымен қатар әскери бөлімнен заңгерлік көмекке жұмсалған шығындар өндірілді.

Бұған дейін Ақмола облысының тағы бір тұрғыны 1,3 млн теңгеге әскери билет сатып алмақ болып, алаяқтардың құрбаны болған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

ҰҚК "Қазатомөнеркәсіп" топ-менеджерінің ұсталғанын мәлімдеді

Қазақстанның Азаматтық кодексіне қандай өзгерістер енгізу ұсынылды

Алматы-1 вокзалы жақын күндері ашылады

Президент жанындағы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына өзгеріс енгізілді