Қазақстанға циклон жақындап келеді: 26 қарашада қар, жаңбыр жауып, жел күшейеді

Фото: unsplash
2026 жылғы 26 қараша, бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, бұл күні ел аумағындағы ауа райына солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.

Болжам бойынша, елдің солтүстік-батысында қатты жауын-шашын болуы мүмкін.

"Республика аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Солтүстік-батыстың, солтүстіктің және оңтүстіктің жекелеген аудандарында жаяу бұрқасын соғады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Қазатомөнеркәсіп" топ-менеджерінің ұсталғанын мәлімдеді

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Қазақстанның Азаматтық кодексіне қандай өзгерістер енгізу ұсынылды

Алматы-1 вокзалы жақын күндері ашылады

"Халықтық құрылыс" бағдарламасы аясында Жетісу облысына 37 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді