Тестілеуге өтініш қабылдау 27 қарашада басталып, 7 желтоқсанда сағат 18:00-де аяқталады. Өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының сайты немесе UTO қосымшасы арқылы беруге болады.
Тест үш бөлімнен тұрады:
- Қазақ тілі – 30 тапсырма. Шекті балл – 15.
- Конституция негіздері – 40 тапсырма. Шекті балл – 20. Тестті қазақ немесе орыс тілінде тапсыруға болады.
- Қазақстан тарихы – 30 тапсырма. Шекті балл – 15. Тестті қазақ немесе орыс тілінде тапсыруға болады.
Үміткер ең көбі 100 балл жинай алады. Жалпы шекті балл – 50.
Тапсырмаларды орындауға 2 сағат 10 минут беріледі. Мүгедектігі бар адамдарға қосымша 30 минут бөлінеді. Тестілеуге қатысу құны – 14 693 теңге.
Бұған дейін Қытай университеттеріне оқуға түскісі келетін қазақстандық талапкерлерге жаңа талап туралы ескертілген еді.