Болжамға қарағанда, елдің барлық өңірінде ауа райы қолайсыз болады.
"Солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның бүкіл аумағында ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Елдің шығысы мен орталығында қалың қар жауады. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта жаяу бұрқасын соғады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында желдің екпіні кей уақытта секундына 30 метрге және одан да жоғары жылдамдыққа жетеді.