Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы белгілі болды
Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 27 қарашада сағат 17:00-де шетел валюталары бойынша кешкі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 458,22 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,52 теңгеге төмен.
Еуроның орташа сараланған бағамы 503,03 теңгені құрады (+0,41 теңге).
Рубль бағамы өзгеріссіз қалып, 5,58 теңге болды.
Юаньның күндізгі сауда-саттықтағы бағамы 68,77 теңгені құрады (-0,17 теңге).
Айырбастау пункттерінде доллар 457,4–459,3 теңгеден, еуро 500–504,4 теңгеден, рубль 5,25–5,36 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.
27 қараша күні таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 458,85 теңге, еуроны 503,5 теңге, рубльді 5,59 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript