Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы белгілі болды
Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 20 қарашада сағат 17:00-де шетел валюталары бойынша кешкі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 455,32 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 6,19 теңгеге жоғары.
Еуроның орташа сараланған бағамы 499,88 теңгені құрады (+5,96 теңге).
Рубль бағамы 5,55 теңгеге дейін өсті (+0,08 теңге).
Күндізгі сауда-саттықта Қытай юанінің бағамы 68,09 теңге болды (+0,92 теңге).
Ақша айырбастау орындарында доллар 454,6–459 теңгеден, еуро 498,8–503,8 теңгеден, рубль 5,27–5,40 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.
20 қараша күні таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 448,72 теңге, еуроны 493,86 теңге, рубльді 5,49 теңге деңгейінде белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript