Облыста 425 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Сайлауды ұйымдастыруға 374 сайлау комиссиясы жұмылдырылған. Оның ішінде 9-ы – аумақтық, 87-сі – округтік, 278-і – учаскелік комиссия. Комиссия құрамында барлығы 2 536 адам бар.
Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сайлауға дайындық бірнеше апта бойы жүргізілді. Дауыс беру орындарының әзірлігі, сайлаушылар тізімін нақтылау, учаскелерді материалдық-техникалық жабдықтау және мүгедектігі бар азаматтарға қажетті жағдай жасау мәселелеріне назар аударылды.
Еске салайық, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы еліміздің барлық өңірінде өтіп жатыр. Қазақстан бойынша облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі 228 мәслихатқа 3 447 депутат сайланады. Сайлауға республика бойынша 7 саяси партия, ал Атырау облысы бойынша 6 саяси партия қатысады. Сонымен қатар кандидаттар бірмандаттық округтер бойынша да ұсынылды.
Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мәслихаттар жергілікті тұрғындардың мүддесін білдіреді, жергілікті бюджетті бекітіп, оның орындалуын бақылайды, аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді қарайды. Сайланған депутаттардың өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Дауыс беру учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Заңнамада көзделген жағдайларда аумақтық сайлау комиссиялары дауыс берудің басталу және аяқталу уақытын өзгеше белгілей алады.