Базалық пайыздық мөлшерлеме –Ұлттық банктің бекітетін пайыздық мөлшерлемесі. Егер базалық пайыздық мөлшерлеме барынша жоғары болса, онда белгілі дәрежеде теңгеге қуат береді, теңгенің мықты болуына септігін тигізеді. Егер ол барынша төмен болса, теңге әлсірейді. Әдетте, инфляция елде қатты болып жатқан кезде базалық мөлшерлеме көтеріледі.
Бізде өткен жылы инфляция 8,4 пайызбен аяқталды. Енді базалық пайыздық мөлшерлемені тағы көтеріп жатыр. Мұның бір себебі – сырттан белгілі бір дәрежеде теңгеміздің құнсыздануына кері әсерін тигізетін факторлар болып тұр. Бұл бір жағынан, содан сақтанғандық. Бір жағынан, теңгеге де күш-қуат беру үшін базалық пайыздық мөлшерлемені 0,5 пунктіге көтерді. Бұрын ол 9,75 еді, қазір 10,25 болды. Экономист Мақсат Халық
Экономистің сөзінше, базалық мөлшерлемені көтерудің тиімді де, тиімсіз де тұстары бар.
Тиімді жағы: депозиттердің пайызы өседі.
Депозитте ұзақ мерзімде теңгемен ақша ұстаған тиімді. Өйткені пайыздары жоғары болады.Экономист Мақсат Халық
Тиімсіз жағы: кредиттердің пайызы өседі.
Тұтынушылық несиенің, ипотекалық несиенің, бизнес үшін берілетін несиенің пайыздары жоғарылайды. Оның ең бір кемшіл тұсы сол, іскерлік ортаға кері әсерін тигізеді. Өйткені бизнес өзінің айналым капиталын арттыру мақсатында кредит алғысы келсе, төмен пайызбен кредит ала алмайды. Пайыздық мөлшерлеме белгілі бір дәрежеде жоғарырақ болады. Осы жағынан келгенде, ол іскерлік белсенділікті төмендетуі мүмкін және ұзақ мерзімде экономиканың өсіміне кері әсерін тигізуі мүмкін.
Сондықтан да менің жеке көзқарасым: инфляцияны төмендетумен базалық пайыздық мөлшерлемені де біртіндеп төмендеткен дұрыс. Өйткені халық үшін де, бизнес үшін де төмен пайызбен несие беріледі. Бұл белгілі бір дәрежеде экономикалық өсімге әкеледі.Экономист Мақсат Халық
Тақырып бойынша оқи отырыңыз:
Қазақстанның Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі ұлғайған соң, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры артынша мерзімсіз депозиттер бойынша 2022 жылдың қаңтар және ақпан айларына ұсынылатын максималды мөлшерлемелерді арттырды.
Бұрын ол қор 10 млн теңгеге дейін кепілдік беретін. Егер сіз банкте 10 млн теңгеге дейін ақша ұстасаңыз, банк банкрот болса, қор 10 млн теңгеңізді қайтарып беретін. Ал егер сізде17 млн теңге болса, онда 7 млн теңгеңіз күйіп кетіп, банк тек 10 млн теңгесін ғана қайтаратын. Қазір ол шекті 20 млн-ға дейін ұлғайтты. Демек, 17 млн теңгеңіз болса да, бір банкте сақтай бересіз. Тиісінше, сол банк сізге банкрот болған жағдайда да, Депозиттерге кепілдік беру қоры сіздің 17 млн теңгеңізді толығымен қайтарып береді. Экономист Мақсат Халық
Тақырып бойынша оқи отырыңыз: