Ақбота Сейітмағамбет Әли Оқаповтың жаңа бейнебаянына түсті

Zakon.kz
“Уайымдама” атты су жаңа туындыда Әли мен Ақбота ғашықтардың рөлінде ойнайды.
Бұған дейін КешYou тобының экс-әншісі Ақбота Сейітмағамбет Дәурен Айдарқұловпен айырылысып кеткенін, қазіргі уақытта онымен бірге тұрмайтынын айтқан еді. Жас әнші әрі актрисаның ендігі бар уақыты оның ұлы мен шығармашылығына арналады. Бұл ретте Ақбота жуырда ғана Әли Оқаповтың бейнебаянына түсіп, басты рөлді сомдады, - деп хабарлайды Stan.kz.

“Уайымдама” атты су жаңа туындыда Әли мен Ақбота ғашықтардың рөлінде ойнайды. Қос өнер иесінің бір клипте бой көрсеткені көпшіліктің қызығушылығын туғызған ұқсайды, себебі клипті небәрі 3 күнде 160 мыңнан аса көрермен тамашалаған.

Бір қызығы, көпшілік Әли мен Ақботадан әдемі жұп шығатынын айтып жатыр. Бұл ретте тыңдармандар өмірлік серік ретінде Дәурен Айдарқұловты таңдаған Ақботаға өкініштерін білдірді.

“Екеуін бірге көріп сондай қуанып қалдым, қандай жарасымды жұп болар еді. Неге Ақбота Дәуренді таңдады екен?”, “Керемет жұп болар еді екеуі”, – деп жазды тыңдармандар.

Айта кететін жайт, көпшілік Әлидің әндерінің бір-біріне қатты ұқсайтынын атап өткен. Желідегілердің пікірінше, жаңа туынды Әлидің “Биле” атты бейнебаянына қатты ұқсайды.


Фото: Stan.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі