Ninety One тобының «Mooz» әні түрік чартында бірінші орынға шықты

Zakon.kz
Ninety One тобының «Mooz» әні 2017 жылдың 16 тамызында жарық көрген болатын.
Қазақстандық Ninety One тобының «Mooz» атты жаңа синглы ТМВ телеарнасының түрік чартында бірінші орынға шықты, - деп хабарлайды Baq.kz.

TMB (Turkish Music Box) телеарнасы түркі халқының музыка саласындағы жаңа хиттерін көрермен назарына ұсынуда. Сол қатарда Ninety One тобының «Mooz» атты жаңа синглы бірінші орынға шықты.



Ninety One тобының «Mooz» әні 2017 жылдың 16 тамызында жарық көрген болатын.

2015 жылы 1 қыркүйекте Q-pop бағытында өнер көрсететін қазақстандық топтың тұсауы кесілді. Өнерлі жігіттердің «Айыптама» атты алғашқы әні дәл осы күні шыққан еді.

Екі жылдың ішінде 7 бейнебаян мен «Ninety One» атты фильм түсірді. Қазақстанға ғана емес, алыс-жақын шетелге танылған топтың тыңдарманы өте көп.

Айта кетсек, Ninety One бұл чартқа алғаш рет қатысып отырған жоқ. Бұған дейін 2016 жылы топтың «Қайтадан» әні түрік чартында бірінші орын алды.


Фото/Видео: baq.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс