Қайрат Түнтеков 4 жылдан бері фонограммамен өтетін концерттерден бас тартып келген

Zakon.kz
Қайрат Түнтеков үлкен концерттерге шақыртулар түссе де, қатыспағанын мойындады.
Төрт жыл бойы сахнадан жырақта болып, көрерменін, тыңдарманын сағындырған Қайрат Түнтеков осы уақыт аралығында үлкен концерттерге шақыртулар түссе де, қатыспағанын мойындады. Бұл туралы Қайрат “Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, - деп жазады Stan.kz.

Қайрат айтулы шаралардан фонограмманың кесірінен бас тартып келген.

“Біздің әншілеріміз қазір енді-енді жанды дауыста айтып жүр. Барлық өнерпаздарымыздың жанды дауыста ән айтып жүргендеріне өзім өте қуанамын. Бірақ осыдан үш-төрт жыл бұрын Республика сарайында концерттер болған кезде мені шақыратын. Сонда мен жанды дауыспен айтамын ба деп сұрайтын едім. “Жоқ, түсірілім болады, фонограммамен айтасың” дейді. Сөздің ашығы, міне бүкіл халық көріп отыр ғой: “Ренжімеңіздер. Жанды дауыста айтқым келеді. Ондай мүмкіншілік болмаса қатыспай-ақ қояйын”, – деп айтатынмын”, – деп еске алды Қайрат.

Фото: stan.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр