Отандық әншілер Ninety one тобы үшін “Жыл таңдауы” бәйгесіне қатысудан бас тартты

Фото: Stan.kz
Елімізге танымал өнер иелері 91 тобымен бір сахнада тұрғысы келмеген.
Атышулы Ninety one тобына қатысты тағы да дау туды. Елімізге белгілі әншілер 91 тобы үшін “Жыл таңдауы” музыкалық бәйгесіне қатысудан бас тартты. Олар түр-тұлғасы өзгеше жігіттермен бір сахнада тұрғысы келмеген. Бұл туралы музыкалық кешті ұйымдастырушы продюсер Жан Мұқанов MuzZone арнасына айтып берді, - деп хабарлайды Stan.kz.

“Бұл – үлкен фестиваль. Баса мән берілетін нәрсе, яғни ең маңыздысы – ән. Ел арасында танылып кеткен хит әндерді әншілер жанды дауыста орындайтын болады. Үш ерекше қонағымыз келе жатыр, Түркия, Армения, Ресей елдерінен. Үлкен беделі бар әншілер. Он бірдей жүргізушіміз бар”, – деген продюсер кей әншілердің аталған кешке қатыспайтынын айтып қалды. Айтуынша, елімізге танымал өнер иелері 91 тобымен бір сахнада тұрғысы келмеген.

“Осы әншілер қатысады екен деп бас тартқан әртістер бар. Әйгілі әншілер. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Шашын бояп, сырға тақты деп айыптайды. Қазақпыз, ол дұрыс. Жігіттеріміз жігіт, әйел адам әйел болсын, ол дұрыс. Бірақ бұл жерде барлығы әртіс, ал ол бар болғаны сахналық образ. Ол жастарға ұнап жатыр. Біз олардың жолын жапқан сайын, жастар одан сайын көре береді”, – дейді продюсер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды