Ninety One тобы Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті

Baq.kz
Ninety One жігіттері алдымен өткен аптада шыққан Ah! Yah! Mah! әнін орындады.

Ninety One тобының Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өнер көрсетіп жатқан сәтін Ким Бюль атты корей бишісі YouTube арнасында жариялады, деп хабарлайды Baq.kz.

Ninety One жігіттері алдымен өткен аптада шыққан Ah! Yah! Mah! әнін орындады. Содан соң дебюттік әндері «Айыптаманы» шырқады.

«Қазақстандық Ninety One тобы. Кореяда бірінші рет жаңа әннің тұсауы кесілді», - деп жазды Ким Бюль.

Олар Хондэ ауданындағы жаяу жүргіншілер көшесінде өнер көрсетті. Әдетте мұнда әр сенбі сайын жергілікті уақытпен сағат 15.00-22.00 арасында би қойылымдары өтеді. Корей Арбатында бишілер жарысып, өзара мықтыны анықтайды.

Бұдан бөлек, Ninety One тобы 10 қаңтарда Сеулде жанкүйерлермен кездесу (фан-митинг) өткізбек.

«Біз Сеул қаласындамыз. Сіздерде Ninety one тобына сұрақ қойып, альбом ұтысына қатысып, жақсы көретін əндеріңізді тыңдап және фан-митингке қатысу мүмкіндігі туып отыр. Сіздерді 10 қаңтар күні сағат 19:00-де Student Union Building of Sejong University-де күтеміз. Кіру тегін», - деп жазған топтың Instagram-дағы ресми аккаунтында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді