Қайрат Түнтеков Алматыда үлкен концерт бермек

Stan.kz
Жуырда Қайрат отандық “Im A Singer Kazakhstan” жобасында жеңіске жеткен.

Қайрат Түнтеков Алматы қаласында үлкен концерт бермек. “Алматы-Аренада” өтетін жеке ән кешін Қайрат наурыз айына жоспарлап отыр. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Тыңдарманымен сағына қауышқан Қайрат жеке ән кешін жанды дауыста өткізуді жоспарлап отыр. Ол концерттен кейін халықаралық байқауға аттанбақ ниетте. Бұған дейін Түнтеков Америкаға баруы мүмкін екенін де айтқан еді.

“Концерт жоғары деңгейде өтеді деп үміттенемін. Жанды дауыста ән айтып қана қоймай, дыбыс пен жарықтың ерекше болғанын қалап тұрмын”, – дейді Түнтеков.

Еске сала кетейік, жуырда Қайрат отандық “Im A Singer Kazakhstan” жобасында жеңіске жеткен еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

27 қазанда Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді