Димаш Қытайдағы көктем гала-концертінде өнер көрсетпек

today.kz
Қазақ әншісі қытайлық қос әріптесімен бірге ән шырқамақ.

Аталған концерт орталық телеарнадан тікелей эфир арқылы дәл бүгін, Қытай Жаңа жылы қарсаңында көрсетілмек. Қазақ әншісі қытайлық қос әріптесімен бірге ән шырқамақ. Олар – Юань Явэй мен Лам Сяо. Бұл туралы 31 арна хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Димаш бұл әріптестерімен былтыр "I am a singer" байқауында танысқан. Димаш олар үшін жат елдің баласы болса да, қытайлық тыңдармандар оны қатты жақсы көріп қалды. Ал бүгін өтетін концертте Димаш қытай тілінде ән шырқамақ. Жаңа әнді Юань Явейдің өзі жазған.

Мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында Димаш Қытайды екінші үйі санайтынын атап өтті. Ол қытай халқына ризашылық ретінде аталған әнді орындамақ.

Еске сала кетейік, Димаш Қытайда екінші мәрте жыл әншісі атанған болатын.

“Өте бақыттымын, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бір сахнада нағыз кәсіби мамандармен, ұлы тұлғалармен бірге өнер көрсетемін. Осы сәтті пайдалана отырып, баршаларыңызды Жаңа жылмен құттықтағым келеді”, – деп жүрекжарды лебізін білдірді Димаш.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды