Желі қолданушылары айтыскерлер Балғынбек Имашев пен Айнұр Тұрсынбаеваның әзілдеріне тәнті болды, деп жазады Today.kz.
"Бүгін – Қазақстан xалықтарының бірлігі күні. Осы мерекемен өзімнің өнердегі қарсыласым, өмірдегі ерсілесім, (ерсілі-қарсылы дегеннен шығады), дүниелік дұшпаным, ақыреттегі досым, Айтыстың Аққуы, Телевизияның Тырнасы, Инстаграмның Индюгі, Ақсуаттың Акуласы, Мойынқұмның Мысығы, Айдың Нұры, Майдың Гүлі, Байдың Жұбы – Айнұр Тұрсынбаеваны құттықтаймын!
Атыңнан айналайын, Айнурочка,
Сен – сары май, мен – піскен жай булочка.
Өмір бойы менімен айқасуға,
Сенен басқа шыдайды қай дурочка?" – деді Балғынбек Имашев.
Бұған туған күнін тойлаған Айнұр "Братюха индюха, бүкіл жұртқа күлкі қылғаны несі. Сволыш, мысығы несі?" – деп жауап берді.
Ал желі қолданушылары Айнұрдан арнайы жауап күтетіндерін жазды.