Сәкен Майғазиевке Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көрпесінің қиындысын көрсеткен әйел әншіні жылатты

Сурет: zakon.kz
Қатты қобалжыған Майғазиев бұл күні алған әсерімен кейіннен желіде бөлісті.

Өскемен тұрғыны Рамазан айының алғашқы күнінде әнші Сәкен Майғазиевке баға жетпес сыйлық жасады. Ол концертке Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың көрпесінің қиындысын алып келді. Алайда мұндай бағалы затты әншіге сыйға тартқан жоқ, тек ұстап, иіскеп көруге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Шығыс өңірінде өткен концерт кезінде тұрғындардың бірі сахнаға шығып:

“Қаншама жылдан бері сақтап келген пайғамбарымыздың көрпесінің қиқымын осы бір қасиетті сахнада Рамазан айында бір көрсетіп, алып кетейін деп алып келдім. Өзіңіз ораза ұстап жүр екенсіз”, – деді.

Мұндайды күтпеген әнші:

“Көрудің өзі бақыт. Адамзаттың асылы пайғамбарымызды түсімде көруді армандап жүрген үмметтерінің бірі едім”, – деп көзіне жас алып, сахнадан кетіп қалды.

Қатты қобалжыған Майғазиев бұл күні алған әсерімен кейіннен желіде бөлісті.

“Иә, сүйікті пайғамбарымыздың көрпешесінің қиындысын ұстап көргендегі әсерімнен әлі шыға алар емеспін. “Үмметім, үмметім” деп, ұлынан бізді биік қойған пайғамбарымызға (с.а.у.) лайықты үммет бола алмай жүрміз-ау деген ой тыншытар емес. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қатты толқудамын. Алла тағала айлардың сұлтанында иман байлығымызды арттырғай”, – деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі