Әміре "Славян базарында" бірінші орын алды

sputniknews.kz
Қазақстан мен Румыния конкурсанттарының ұпайлары бірдей болған, бірақ қазылар алқасы Гран-приді Румыния әншісіне берді.

Беларусьтің Витебск қаласында өткен "Славян базары" халықаралық өнер байқауда қазақстандық Ернар Садырбаев ең жоғары балл алып, 1-орын иеленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан мен Румыния конкурсанттары бірдей балл жинаған – 156. Алайда әділ қазылар алқасы бас жүлдені Румыния әншісіне беруді ұйғарды.

Қазақстан – бірінші, Украина – екінші орын алса, ал үшінші орын Польша мен Беларусь дарындыларына бұйырды.

"Алдыңғы кезеңде денсаулығыма байланысты ойдағыдай өнер көрсете алмадым. Бірақ ауырғанымды ешкімге айтпадым, сонда да жоғары ұпайға ие болдым. Аллаға шүкір, бүгін бәрі керемет болды!", — деп жазды әнші инстаграмдағы парақшасында.

Ернар өзіне қолдау білдірген барша жанға ризашылығын білдірді.

"Мен барымды салдым. Қазақ елі! Дұға, тілектеріңізге үлкен рахмет. Сіздерге бас жүлде сыйлай алмағаным үшін өз-өзіме сыймай, орын таппай отырмын. Мені қолдағандарыңыз үшін рахмет! Көріскенше!", — деп жазды парақшасына Ернар.

23 жастағы Ернар Садырбаев көпшіліке Әміре деген атпен танымал. Ол Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының төртінші курсында оқиды. R&B, Bossanova-Latino, Pop-classic, Pop жанрында ән айтады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі