Айсәуле Бақытбек ЛГБТ өкілдеріне көзқарасы түзу екенін ашық айтты

Айсәуленің айтуынша, некеге дейін “секспен” айналысу не айналыспау – әркімнің жеке ісі.

Әжесімен бірге Италияда қыдырып жүрген Айсәуле Бақытбек оқырмандарымен тілдесіп, оларды мазалап жүрген сұрақтарға жауап берді. Баян Алагөзованың қызы некеге дейінгі жыныстық қатынасқа, гомосексуалдар мен лесбилерге көзқарасы жайлы ашық айтты, деп жазады Stan.kz.

Айсәуленің айтуынша, некеге дейін “секспен” айналысу не айналыспау – әркімнің жеке ісі. Оған үшінші адам араласпауы тиіс.

“Әркімнің өз таңдауы бар. Біреу үшін қысқа “шорты” киген ұят, есесіне бейтаныс адамды қаралау ұят емес. Біреуге “секс” деген сөзді айтудың өзі ұят, ал енді біреу әртүрлі адамдармен белсенді түрде жыныстық қатынасқа түскенді қалыпты іс санайды.

Түптеп келгенде әр адам өзіне шектеуді өзі қояды. Адам біреудің ісін даттап, іштей соны қайталағысы келіп тұратын жағдайлар жиі кездеседі. Өздері жиіркенішті іс жасап, дәл сондай әрекетке барған адамды көргенде таңғалатындарды да көрдім. Ал сіздің сұрағыңызға келсек, біреудің төсегінде не болып жатса да, маған бәрібір. Тойға дейін бе, кейін бе… Сізге де бәрібір болуы керек деп ойлаймын. Ең бастысы, бақытты болыңыз”, – деді ол оқырманына.

Бұдан өзге, Айсәуле ерте жастан отбасын құруға қатысты ойын айтты.

“Оны дұрыс немесе бұрыс деп қалай айтуға болады? Біреу махаббатын 18 жасында, ал енді береу 30 жасында кезіктіреді. Ал енді біреулер мүлдем отбасын құруды қаламайды. Бейсаналы түрде ерте үйленгендерге қарсымын”, – деді ол.

Сондай-ақ, Бақытбекқызы ЛГБТ өкілдеріне деген көзқарасы түзу екенін мәлімдеді.

“Менің жеке өмірімді құрметтеуді сұраймын және өзім де біреудің өміріне араласпаймын. Егер сіз жақсы адам болсаңыз, төсекте әйелді қалайсыз ба әлде еркекті ме, ол маңызды емес. Алайда ондайды балалардың алдында насихаттауға қарсымын. Диснейлендте аттракционға кезекте тұрғанда сүйісіп тұрған екі қызға қарап тұру ұнай қойған жоқ. Қыз бен жігіт болса да аса ұнамас еді. Бірақ тым болмағанда балалар соншалықты таңғалмас еді”, – дейді Айсәуле.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: