Ерке Есмахан ұлының әкесімен қарым-қатынасы жайлы айтты

stan.kz
Өзім де қазір көре алмаймын, жиі-жиі шетелге шығып тұратынымыз бар еді, қазір болмайды.

Ерке Есмахан танымалдылығы артқан соң ұлын сирек көретін болған. Әрі әншінің атұстары бүгінде мектеп табалдырығын аттағандықтан, оның да бұрынғыдай анасымен бірге гастрөлге еріп жүрер жайы жоқ. Сондай-ақ, кішкентай Муслим әкесін де сирек көреді екен. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Алматы” арнасының “Әңгіме болсын” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Ұлым Ақтөбеде, ата-әжесінің қолында, қазір мектепке барды, 1-сыныпқа. Әкесімен араласып тұрады, Астанаға барғанда кездесіп тұрады. Ал басқа кезде сабақта. Өзім де қазір көре алмаймын, жиі-жиі шетелге шығып тұратынымыз бар еді, қазір болмайды”, – дейді Ерке ағынан жарылып.

“Қандай жетістікке жетсем де, өзгермеймін. Өзімнің өнеріме адалмын. Киелі сахнаға әр қимылымды, әндерімді ойлап, халықтың көңілінен шығатындай етіп шығарамын. Халықтың жүрегіне жетіп жатса, жоғары баға беріп жатса, менің де мақсатым сол деп ойлаймын”, – дейді Ерке.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі