КешYou тобымен суретке түскен Айқынның басы дауға қалды

stan.kz
Айқын Төлепберген КешYou-дің қыздарымен Атырау қаласында мерекелік кештердің бірінде кездесіп қалған.

КешYou тобымен суретке түскен Айқын Төлепбергеннің басы дауға қалды. Instagram оқырмандары әншіге аталған ұжымнан аулақ жүруге кеңес берді. Тағы да бір қызға ғашық болып қалмауын ескертті, деп жазады Stan.kz.

Айқын Төлепберген КешYou-дің қыздарымен Атырау қаласында мерекелік кештердің бірінде кездесіп қалған. Әнші сахналық әріптестерімен естелікке суретке түскісі келген керек. Десе де, желі қолданушылары оның бұл әрекетін мазаққа айналдырды.

“Осы КешYou тобындағы бір жас қызға ғашық болып қалмаңыз”, “Тағы біреуін алсай тоқал қылып”, “Келесі жылы осы уақытта тағы біреуі отырмасын. Айқынның Жұлдыз деген әйелі бар екенін білген жоқпын. Аяғым ауырлап үйлендік деп”, “Жұлдыздың орнын енді қайсысы басар екен”, – деп жазды олар.
Ал Төлепбергеннің өзі елдің сөзіне аса мән берген жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады