"Ананы сыйлау туралы" тым артық кеткен Тоқтар Серік сынға қалды

видеодан скриншот
Оның айтқаны ұлттық дәстүріміздің аясынан шығып, өте жаман – анайы, көріксіз қылықтарды санамызға сіңіріп тұр.

Мына бейнеролик уатцаптан келіпті, деп жазды facebook-тегі белсенді Геройхан Қыстаубаев.

"Жалпы, бір қарағанда, бұл ролик анаға деген адалдықты паш етеді. Тіпті кейіпкер де, оны тыңдап отырған жүргізушілер де көздеріне жас алып отыр. Көрермендердің де сондай күйде отырғандары бар болар.

Алайда, ойланып қарағанға, бұл ұлттық дәстүріміздің аясынан шығып, салдарынан, өте жаман – анайы, көріксіз қылықтарды санамызға сіңіріп тұр! Кәмпиттің жылтырақ қағазына боқты орап бергендей...

Болмаса, "анамның аяғын сүйемін, қолымды салып жіберіп көкірегін ұстаймын, сүйемін" деген не масқара?! "Бір бірімізге ұзақ қарап тұрамыз, қимай" деген не сөз?

Осы жағдайларды көз алдыңа елестетіп көрші. Не тәлпіштік, жалғандық бұл?! Осы ананы сыйлау ма?! Далбаса бәрі.

"Оңбайтын бала шешесінің көтін шұқылайды" деген мақалды ғана есітуші едік...", дейді жазбаның авторы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар