107 әртіс, 80-нен астам жаңа трек және 15 сағат жанды музыка: Арбат қалай музыкалық студияға айналды
Сурет: Денис Клеро, ArtTaspa
Күндіз әртістер мөлдір студияда жаңа тректер жазса, кешке контейнердің төбесіндегі сахнаға шығып, жаңадан жазылған және танымал әндерін жүздеген адамға орындады.
Жоба аясында "Go студиясына" 107 әртіс келді. Мұнда 80-нен астам жаңа трек жазылып, жанды музыкалық қойылымдардың жалпы ұзақтығы 15 сағатты құрады. Әр концертке орта есеппен 300-ге жуық көрермен жиналды, ал бір ай ішінде Арбаттың шамамен 60 000 қонағы әртістердің өнерін тамашалады.
Бұл формат әртүрлі жанр мен буын өкілдерін біріктірді. Студия танымал орындаушыларға да, бастаушы авторларға да кәсіби кеңістікте материал жазып, оны қалалық аудиторияға ұсынуға мүмкіндік берді.
"Қазақстанда мықты, талантты және жарқын музыканттар көп. Бірақ олардың тректерін жанды форматта орындауына мүмкіндік беретін платформалар мен алаңдар жетіспейді. Көбіне жаңа релиздер көп назардан тыс қалып, тек трек мұқабасымен бірге цифрлық платформаларда ғана шығады. Яндекс Музыканың "Go студиясы" сияқты жобалар көбірек болса екен дейміз. Бұл — өте керемет жоба", — деп ALPHA тобының мүшелері студиядағы сұхбат кезінде әсерлерімен бөлісті.
"Go студиясы" әртістер, тыңдармандар және қала тоғысқан орынға айналды. Бірі сүйікті орындаушысының концертіне арнайы келсе, енді бірі Арбатта серуендеп жүріп тоқтады, ал кейбірі жаңа музыканы алғаш рет сахна жанында тыңдап, жаңа әртістерді таныды.
Жобаға Yenlik, SALSERI, Rusha, AMIRA, A.Boo, meow! dammit, AYRYS, ALPHA, Ayau, Bonapart, Anel Renaldi, Bazar Jackson, Shagamanski, Chrich, IL'HAN & ULAN, ALEM & Ushkyn Zhamalbek, Assetyans, chrscat, hatikoali, Liili, ния & Dilbara, AYREE, The OM, маленькая настя, джаз дилла, Moreart, Adoni, 404, AYU, Colorit, Jasyl Doka, A.Z, menrasaitam, AYAT, Norman, Lugnan, Ицык Цыпер, DARREM, Da Lume, Magjan, Соулджа, Anyz, Karmaz, "Лисьи сказки", Enendroen, Abayy, AIHAN, Sutqorekti1, ESKO, KABDOL, AyaFunk, NAZZARBECK, Aza Neutron, k0vertessence және басқа да жас әртістер қатысты.
Жобаға қатысқан барлық әртіс Яндекс Музыканың арнайы плейлистінде жинақталған.
Серіктестік ақпарат




