Димашқа ақыл айтқан Нұртас Адамбайды Қанат Айтпаев орнына қойды

Инстаграм
Желіде жарияланып, қызу талқыға түскен продюссердің жазбасы Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтпаевтың да көзіне түскен. Ол кісі өздеріне ақыл берген Нұртас Адамбайдың жазбасы астына қысқа жауап қайырыпты.

КВН-да ойнап, кейін кино түсіруге бет бұрған Нұртас Адамбайға Димаш Құдайбергеннің "Қалжыраған аққулардың махаббаты" әніне шетелде түсірілген клипі ұнамаған. Алдында "Игорь Крутоймен байланысыңды үз" деп ақыл-кеңес берген ол, бұл жолы Димашқа отандық Айсұлтан Сейітов деген режиссердің қызметіне жүгінуге кеңес беріпті. Димаштың әкесі Қанат Айтпаев продюсердің бұл ұсынысына қысқа жауап қайырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы мазмұнда желіде жарияланып, қызу талқыға түскен продюссердің жазбасы Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтпаевтың да көзіне түскен. Ол кісі өздеріне ақыл берген Нұртас Адамбайдың жазбасы астына қысқа жауап қайырыпты.

"Сенің ақыл-кеңесіңді сұраған жоқпыз. Өз ісіңмен шұғылдансаң дұрыс болады" деп жазды Қанат Айтпаев.

Нұртас Адамбай да Димаштың әкесінің бұл жауабын жауапсыз қалдырмады:

"Достар, негативтің не қажеті бар? Ешкім Сіздерге жамандық қаламайды. Әлемге күліп қарасаңыз, әлем де Сізге құшағын жаяды" деп жазды ол.

Ал мынау Нұртас Адабайдың желідегі Димаштың бейнебаяны туралы жазбасы:

"Бұл бейнебаянды алғаш рет тамашаладым. Шындарыңызды айтыңыздаршы, Сіздерге ол ұнады ма? Менің пікірім: Димашқа бейнебаяндарының режиссерін ауыстыру керек. Неге өзіміздің отандасымыз Айсұлтан Сейітовты шақырып алмасқа, ол шынымен де керемет видеолар түсіреді.

Жерде жатқан қанаты бар адамдар – бұл оған нағыз керек емес нәрсе. Бұл менің жеке пікірім, менің қателесуім де мүмкін".

Ал алдында ол "Игорь Крутой уақытыңды текке кетіріп жатыр, онымен байланысыңды үз" деп те Димашқа ақыл айтып, желіде жазба жариялаған еді.

Оқи отырыңыз: "Бір шындықты айтайын...". Димаш Қадыр атасының ескі видеосын парақшасына жүктеді

Тағы да: Димашқа пародия жасаған моңғолиялық желіні шулатты

Оқи отырыңыз: Жадыра Сейдеш Нұрғали атаға пәк болып тигенін білдірді

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады