Жадыра Сейдеш Нұрғали атаға пәк болып тигенін білдірді
Осыдан екі күн бұрын ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың үйлену тойы дүркіреп өтіп, көпшіліктің талқылауына түскен-ді. Себебі 83 жасқа таяп қалған әнші өмірлік жары ретінде 1979 жылы дүниеге келген белгілі журналист Жадыра Сейдешті таңдаған.
Қалыңдықтың той көйлегіндегі қызыл лента да жұртшылықтың ойын сан-саққа жүгіртіп, кейбірі тіпті "түрік сериалдарындағыдай" деп баға берген-ді. Stan.kz ақпараттық агенттігі көпшілікті мазалаған сауалға жауап береді.
Жеке өміріндегі қуаныш жайлы әртіс ешкімге хабарламаған болатын. Дегенмен үйлену тойындағы суреттер мен бейнежазбалар желіде лезде таралып кетті.
Қалың көпшілікке КТК арнасындағы "Жүрекжарды" авторлық бағдарламасы арқылы танылған Жадыра Сейдеш бірнеше республикалық сыйлықтың иегері. Сонымен қатар аталмыш арнаның Астанадағы жаңалықтар тілшісі қызметін атқарды.
Аталмыш лентаға келер болсақ, ол - әзербайжан, түрік, татар және басқа түркітілдес халықтарда қалыңдықтың тазалығын, пәктігін, екі отбасының қосылуын және жанып тұрған от сияқты, махаббаттың символы іспеттес.
Жадыраның Түркиядан оралған қандасымыз екенін ескерсек, беліне таққан қызыл лентаның мәні де түсінікті болады.
1937 жылы дүниеге келген әншінің бұрынғы отбасы туралы ақпарат көп кездеспейді. Тек алдыңғы жұбайының есімі Айгүл, бес баласы бар екені белгілі. Әртіске жақын дереккөздер, Жадыра - Нұрғали Нүсіпжановтың үшінші әйелі екенін айтады, бұрынғы әйелінен ажырасқан көрінеді.
Айта кетсек, журналист болашақ жарынан осыдан 5 жыл бұрын өзінің авторлық бағдарламасында сұхбат алған.