Нұрлан Әлімжан Парламенттің алғашқы отырысына неге бармай қалған?

yu.edu.kz
Сөйтсе оның бұл арада ешқандай кінәсі болмай шықты.

ҚР Парламенті Мәжілісіне жаңадан қосылған депутат әрі өнер иесі Нұрлан Әлімжан алғашқы пленарлық отырысқа неге қатыспағанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сөйтсе оның бұл арада ешқандай кінәсі болмай шықты.

"Мен ол кезде әлі депутаттық мандатымды алып үлгермегенмін. Сондықтан ол жиналысқа қатысуға қақым болмады. Бұл менің қателігім емес, менің алдыма дейін депутат болған Бақтияр Мәкен мандатын ол кезде Орталық сайлау комиссиясына енді өткізіп жатты. Одан кейін мандат маған берілді. Бәрі де заң жүзінде. "Nur Otan" партиясының мүше болғаныма 10 жылдан асты. 2009 жылдан бастап. "Ағайындылар" фильмі жарыққа шыққаннан кейін "Nur Otan" өзіне шақырды мені. Сол кезде партия мүшесі болдым, - дейді Нұрлан Әлімжан.

Сөз соңында ол Алматыдан елордаға көшіп жатқанын да айтып қалды.

- Менің әке-шешем Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Ал мен Алматыдамын. Осыған дейін екі жақта жүре беретінмін. Енді Нұр-Сұлтанға дұрыстап тұрақтайтын болдым, - дейді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі