Елбасы АҚШ-та төрт жүлде иеленген отандық туындыға жоғары баға берді

Тwitter.com/Aidos Ukibay
Елбасы фильмді жоғары бағалады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та төрт бірдей жүлдеге ие болған "Композитор" фильмін жоғары бағалап, өз құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова мен продюсер Джонатан Шенді "Композитор" фильмі Golden Screen Awards сыйлығының төрт номинациясын жеңіп алуымен құттықтаймыз. Елбасы фильмді жоғары бағалады", - деп жазды ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Тwitter парақшасында.

Еске салсақ, ІІ дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ пен қытайдың достығы жайлы "Композитор" фильмі АҚШ-та төрт бірдей жүлдеге ие болды. Осы кинодағы өнері үшін қазақстандық актриса АҚШ-та үздік әйел рөлі сыйлығын жеңіп алды.

" Golden Screen наградасын алдым! "Композитор" фильміндегі рөлім үшін. Енді ұйықтай да, тамақ та іше алмайтын шығармын! "Қазақфильмге" және біздің бүкіл түсірілім тобымызға рахмет! Қаламқас апайға алғысым шексіз, мен оның анасын сомдадым. Әріптестерім Ділназ Нұрсейіт, Берік Айтжанов, Алтынай Нөгербек және Де Ху Джунға (ол менің күйеуім емес) рахмет! Баршаңызға жылы лебіздеріңізге ризашылығымды білдіремін!", - деп жазды Ауружан Instagram-дағы парақшасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео