Петросян немересіндей қызбен заңды некеге отырды

Комедияның тарланы 30 жастағы Брухуноваға үйленіп алғаны туралы оның достарының бірі хабарлады.

74 жастағы Евгений Петросян өзінің жап-жас көмекшісі Татьяна Брухуновамен қарым-қатынасын ақыры заңдастырды. Ол актерден 44 жас кіші, деп хабарлайды НТВ.

Комедияның тарланы 30 жастағы Брухуноваға үйленіп алғаны туралы оның достарының бірі хабарлады. Аты-жөнін айтпауды сұраған ол Петросянның жас әйелімен некесін желтоқсан айының басында заңдастырғанын айтты. Қос ғашық өздерінің заңды некеге отырғандарын жұртшылықтан жасырып қалуды жөн көрген. Алайда, журналистер Instagram-дағы суреттердің бірінен Буруханованың қолындағы гүлдің тойға арналғанын байқап қойған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

#добройночи ????

Публикация от Tatyana Brukhunova (@bruhunova)

Петросян мен Брухунова бұл атаулы сәтті отбасы аясында атап өткен секілді. Жас әйел осы оқиғаны атап өту үшін өз қолымен торт пісірген.

Евгений Петросян өмірдегі зайыбы және жұмыстағы әріптесі Елена Степаненкомен былтыр қараша айында ресми түрде ажырасқан. Олар 33 жыл бойы бірге өмір сүрді.

Бүкіл елге танымал тату-тәтті отбасы әрі өнер тандемнің бұзылуына кінәлі Брухунова екені сол кезде-ақ айтылған. Туладан шыққан қарапайым қыз Степаненконың веб-сайтында жұмыс істеген, одан кейін Евгений Вагановичтің өзіне "ие болған". Брухунова әзіл-сықақ сайтының әкімшісінен бастап соларға тиесілі театр директоры мансабына дейін көтерілген. Қазір ол оның заңды әйелі және астананың сылқым бикештерінің бірі. Ол, әзірге әлеуметтік желіде миллионға алған тонын, 350 мың рубльге сатып алған сөмкелерін, түстенген қымбат мейрамхананы жарнамалап әлек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: