Алматыда 21 мектеп пен 22 балабақша Жаңа жылды тойлаудан бас тартты

massaget.kz
Мұғалімдер бұл қаражатты қайырымдылық мақсатта жұмсамақ. Мұқтаж отбасыларға азық-түлік пен киім-кешек тарату жоспарда бар.

Алматыда мұғалімдер Жаңа жылдық отырыстан бас тартып, мұқтаж отбасыларға көмектесуге бел шешті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жетісу ауданының 21 мектеп директоры мен 22 балабақша меңгерушісі жаңажылдық кештен бас тартты. Мұғалімдер бұл қаражатты қайырымдылық мақсатта жұмсамақ. Мұқтаж отбасыларға азық-түлік пен киім-кешек тарату жоспарда бар.

"Бұл бастаманы көтерген аудан әкімдігінің басшысы болатын. Жетісу ауданында мұқтаж отбасылар өте көп. Бұл жолы мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасына көмек беруге баса назар аударылып отыр. Балаларға қысқы сырт киім, жылы аяқ киім, азық-түлік кәрзеңкесі беріледі. Сонымен қатар, #137 мектеп оқушысының омыртқасына ота жасау үшін қаражат беріледі", - деді Жетісу ауданы білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова.

Оның айтуынша, болашақта мұғалімдер бұл бастаманы қайырымдылық эстафетасына айналдырмақ.

Айта кетейік, бұған дейін Жетісу ауданының 2019 жылғы түлектері арнайы кеш жасаудан бас тартып, жиналған қаражатты қайырымдылық шараларына жұмсаған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды