Алматыда қала әкімінің шыршасы өтті

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімінің шыршасына 1-9 сынып аралығындағы оқушылар, оның ішінде жетім және мүмкіндігі шектеулі балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары шақырылды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен аз қамтылған отбасылар мен ата-ананың қарауынсыз қалған 200 бала үшін жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды, деп хабарлайды zakon.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімінің шыршасына 1-9 сынып аралығындағы оқушылар, оның ішінде жетім және мүмкіндігі шектеулі балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары шақырылды. Әр балаға сыйлықтар берілді.

"Бүгін сендердің өз батырларың бар, шырша мерекесіне жаңа жылдық костюмдермен келдіңдер және міндетті түрде орындалуы тиіс ізгі ниеттеріңді ойладыңдар. Бастысы – жақсы оқу және білімге ұмтылу, терең білімнің арқасында ғана байтақ еліміздің лайықты азаматтары ретінде сүйікті қаламыздың дамуына өз үлестеріңді қосатын боласыңдар", - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Аяз ата, Ақшақармен бірге Алдаркөсе, Тазша бала және "Мұзды Джек" мультфильміндегілер жаңа жылдық қойылымның кейіпкерлеріне айналды.

Жаңа жылдық көрсетілімге "Сенім" вокалды-хор студиясы, "Непоседы", "Наз", "Аспан", "Еркеназ" би ұжымдары және "Diamond" шоу-балеті қатысты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды