Енді Қарағандыда Абай көшесі болады

Facebook/Қамбар Ахмет
Көше атауларын ауыстыру талқысына мыңнан астам адам жиналды.

Қарағандыда орысша атаудағы бірқатар көше қазақшаланды. Көшелерді ауыстыруға жұмсалатын шығынды жергілікті кәсіпкер, "Нәтиже" компаниясының қожайыны Ерлан Әшімов көтеретінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Құрметті достар! Жаңа ғана Қарағандыда 10 көшенің атауын өзгертуге қатысты көпшілік тыңдау аяқталды. Дауыс берудің нәтижесінде, ұсынылған 10 атауды халық бірауыздан қолдады. Сонымен көше атаулары былай өзгеретін болды:

Ленин көшесі - Абай Құнанбаев
Приканальная - Сарыарқа
Кривогуза - Қасым Аманжолов көшесі
Защитная - Григорий Потанин
Зональная - Александр Затаевич
Олимпийская - Нарманбет Төлепов
Волочаевская - Дүйсембеков Камали Жуматайұлы
Кувская - Нұржанов Қазыбек Бейсенұлы
Нұржанов көшесі - Мерей
Аманжолов - Балқантау
Баршаңызы құттықтаймын! Талқылауға мыңнан астам адам жиналды. Айтпақшы, көшелерді ауыстыруға жұмсалатын шығынды жергілікті кәсіпкер - "Нәтиже" компаниясының қожайыны Ерлан Әшімов көтеретінін мәлімдеді" деп жазды Қамбар Ахмет Facebook-тегі парақшасында.

Кәсіпкер Ерлан Әшімов (сурет - Қамбар Ахметтікі)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты