Коронавирус сән әлеміне жаңа бір леп әкелді

190 доллар тұратын қымбат бағасына қарамастан мұндай маскалар 100 пайыз инфекциядан ұзақ мерзімге қорғауға кепілдік бермейді.

Өткен аптадағы әйелдер сән апталығында медициналық маска да түрлі қолданыста қоса көрсетілді. Енді олар коронавирустан қорғау үшін ғана емес, ел назарын аудару үшін де қажет болатын сияқты, деп хабарлайды РБК.

Коронавирустың Еуропада бұрқ ете түсуі сән апталығына қатысушыларды әбігерге түсірді: мәселен, Джорджио Армани шоуды жабық есік жағдайында өткізуді ұйғарды, ал Дрис ван Нотен, керісінше мұны мүмкіндік ретінде пайдаланып, өз дизайнына шұғыл өзгеріс енгізілді. Бірақ қонақтарына бір реттік медициналық маскаларды таратуды да ұмытпады.

Мысалы, Marine Serre сахнада жарқ еткен сұлулардың бетіне сәнді маска тақты. Оған өз қолтаңбасы мен ай суретін салса, тағы біріне үйректің табанының ізін қойған. Осылайша медициналық маска сәнқой бикештердің аксессуарларын толықтырды.

Luisa Via Roma веб-сайтында эпидемияның өршуіне байланысты сән үйі коллекциясында бұрыннан пайда болған Fendi брендіндегі маскалар жарнамасы пайда болды (ол азиялық сатып алушылар арасында танымал, зауыт-фабрикасы көп қалаларда түтіннен қорғану үшін пайдаланылады). 190 доллар тұратын қымбат бағасына қарамастан мұндай маскалар 100 пайыз инфекциядан ұзақ мерзімге қорғауға кепілдік бермейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

MIND MELANGE MOTOR - LOOK 10 Styling @benoitbethume Set design & producion @avoir.ig Music @louisvial.clpm @collapsingmarket Son @hanoi_lizard Casting @williamlhoest Model @marielougomis Hair @jamespecis via @lorealhair @bryantartists Make up @janeenewitherspoon Nails @beatrice_eni @saint_germain_agency w/ @kurebazaar Videos @titreprovisoire Photography @catwalkpictures

Публикация от MARINE SERRE - FUTUREWEAR (@marineserre_official)

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: