Құнанбай Өскенбайұлына арналған мұражай құрылысы басталады

Алматы ТВ
Бұған қазынадан 276,7 млн. теңге бағытталып отыр.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Бөрілі ауылын абаттандырып, жолын жөндеуге 48,7 миллион теңге бөлінбек. Бұдан бөлек Семейдегі ақын атындағы театр ғимараты да 198,8 млн. теңгеге ғылыми-реставрациялаудан өтеді, деп хабарлады Алтай жаңалықтары.

Бұл жөнінде кезектен тыс шақырылған облыстық мәслихаттың отыз алтыншы сессиясында белгілі болды.

2020-2022 жылдарға арналған бюджет туралы облыстық мәслихаттың шешіміне енгізілген өзгерістерді баяндаған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Жұманова баяндады.

"Абай ауданының Қасқабұлақ ауылдық округінің аумағында орналасқан Ақшоқыда жатқан Құнанбай Өскенбайұлына арналған мұражай құрылысы да басталады. Бұған қазынадан 276,7 млн. теңге бағытталып отыр", - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Сәрсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды