Димаш жаңа бейнебаянында өзін тағы бір қырынан көрсетті

dimashnews
Клип Алматы облысының табиғаты көркем жерінде түсірілді.

Димаш Құдайберген "Қайран елім" атты жаңа музыкалық бейнероликті ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz Димаштың ресми арнасына сілтеме жасап.

Жаңа туындыда Димаш өзін тағы бір жаңа қырынан - режиссер ретінде танытты.

Эмоцияға толы, жаныңды қоярға жер тапқызбай, көкіректі қарс айыратын музыкалық композиция коронавирус індеті жайлаған қиын кезеңдегі Қазақстанның басына түскен сынаққа арналған.

"Қайран елі – адамзатқа жасалған үндеу іспетті, қорқынышты жайтқа қарамастан, жақсылықтан үмітіміздің барын ұғындыру. Барлық ауыртпалықты еңсеретінімізге сендіргіміз келеді. Дәл қазіргі таңда ең бастысы – мықты болуымыз керек", – дейді Ренат Гайсин мен Димаш Құдайберген.

"Клип Алматы облысының табиғаты көркем жерінде түсірілді. Жобаға Димаш пен кинооператор Азамат Дулатов режиссерлік етті. Видео түсіру жұмыстары оңай, еш кедергісіз өтті. Түсіру тобының шабыттанғаны сол, ұйқысыз, демалыссыз жұмыс істеп, аз уақытта аяқтады" делінген сайтта.

"Бұл туындыны алғаш естігенімде оның терең мазмұны мен ойы көңіліме қонды. Әрине, түсіру жұмыстарына қуана кірістім. Барлығы ойдағыдай өтті. Түсіру жұмысына қатысқан әрбір жан керемет әсер алды. Осы жобаға үлесін қосқан әрбір жанға алғысым шексіз. Композицияны ішкі түйсігімен қойған монтаж режиссері Тимур Дулатов әдемі туынды жасап шығарды. Ал түс коррекциясымен талантты шебер Ерлан Танаев айналысты. Оған ерекше мән бердік, өйткені, түс арқылы әр көрерменнің, тыңдарманның жүрегіне жол тапқымыз келді. Біздің тыңдарманға қатты ұнайды деп сенеміз", – дейді Азамат Дулатов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған