Қырғызстанда Тәуелсіздік күні мерекесінде қырғыз ақыны Аалы Туткучев президент Жээнбековтың алдында елдегі жемқорлық туралы жырлады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл шараға қатысуға президентпен қатар елдегі бірқатар ірі шенеуніктер келген болатын.
Жеті минутқа созылған жырында ақын елдегі "шіріген ескі жүйе" жайында, ұрлық, жемқорлық, сот жүйесі, сайлау және кедендегі былықтар туралы толғаныпты.