Әли Оқаповтың қалыңдығы жағындағы тойды ұйымдастырушыларға айыппұл салынды

revuenews
"Қыз ұзату" тойы Атырауда 20 тамызда өткен.

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқаповтың тойын ұйымдастырушыларға 41 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Атырау облысы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасының баспасөз қызметі үйлену тойын ұйымдастырушының кім екенін атап көрсетпеді.

Ондағылар 19 тамызда Атырау тұрғыны Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің отбасылық іс-шаралар өткізуге тыйым салу туралы қаулысы талаптарын бұзғанын айтты. Тәртіп бұзушы туған-туыстары мен достарын үйге жинап, іс-шара өткізген.

Той ұйымдастырушыға "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы талаптарды, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Мерекені ұйымдастырушыға қатысты әкімшілік хаттама жасалып, 15 АЕК (41 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынды, делінген хабарламада.

20 тамызда халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы 29 жастағы әнші Әли Оқаповтың үйленгені белгілі болды. Қыз ұзату тойы Атырау қаласында өтті.

Тақырыпқа орай: Роза Рымбаева келін түсіріп, көптен күткен арманы орындалды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады