Грекияда тәулік бойы Димаштың әндерін беретін радио ашылды

dimashnews.com
Грекиядағы Димаштың фан-клубы жуырда ғана өздерінің 2 жылдығын атап өтті. Олар Грецияда Димаштың шығармашылығына қатысты шаралар ұйымдастырып, қазақ ұлының өнерін насихаттауда белсенді істер атқарып жүр.

Грекияда Димаштың шығармашылығын насихаттайтын жаңа онлайн радио ашылды. "Dimash Greece" радиостанциясы әлемдік ғаламтор желісіне шілде айынан бастап шыға бастады. Онда аптаның 7 күнінде тәулігіне 24 сағат Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалады, деп хабарлайды dimashnews.com.

"Dimash Kudaibergen Greece" фан-клубының әкімшісі Лена Ворк онлайн-радио арқылы Грекиядағы Димаштың шығармашылығына табынушылардың қатарын арттырмақшы. Ойын жүзеге асыру үшін өзге елдегі фан-клубтардың тәжірибесін меңгерген. Талдау жасай отырып, өзінің радиостанциясын іске қосты.

Грекиядағы Димаштың фан-клубы жуырда ғана өздерінің 2 жылдығын атап өтті. Олар Грекияда Димаштың шығармашылығына қатысты шаралар ұйымдастырып, қазақ ұлының өнерін насихаттауда белсенді істер атқарып жүр.

Айта кетсек, Димаштың өнерін насихаттауға арналған осындай радио алдында Польша мен Чили елдерінде де ашылған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты