83 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов ұлды болды!

әлеуметтік желіден алынды
Шығармашылық өкілдері арасында Жадыра Сейдештің ұл босанғаны жайлы мәлімет желдей есуде.

2019 жылдың тамыз айында өзінен 45 жас кіші журналист Жадыр Сейдешті жар еткен әнші Нұрғали Нүсіпжанов ұлды болды.

Бір жыл бұрын танымал әнші ағамыз дүркіретіп той жасап, қоғамның беткеұстар тұлғалары онда қонақ болған еді. Журналистер де бұл оқиғаны қалт жібермей, жан-жақтан отбасын құрушыларға сұрақтарды қарша боратқан. Соның бірінде Нүсіпжанов әйелі өзіне ұл сыйласа, арманы болмасын айтып қалған. Міне, сол арман орындалған күн де келді.

Шығармашылық өкілдері арасында Жадыра Сейдештің ұл босанғаны жайлы мәлімет желдей есуде. Ал Нүсіпжановтың өзі бұл қуанышты оқиғаға қатысты әлі тіс жарып, ештеңе айтпады. Дегенмен Алматы телеарнасының "Папарацци" бағдарламасы журналистері ағамызды тауып алғанда, ол кетуге қатты асықты. Тек: "Бәрі жақсы!", - деп қысқа қайырды ел ағасы.

Тақырыпқа орай: 83 жастағы Нүсіпжановтың ұлды болғаны өтірік – телеарна басшысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін