Нұр-Сұлтанда баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы "Үркер – 2020" ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, салтанатты жиында 11 номинация бойынша мәртебелі журналистика сыйлығының жеңімпаздары анықталды:
Жылдың үздік фотосуреті:
Сәкен Ділдахмет, Тәуелсіз экологиялық шолушы
Жылдың үздік репортажы:
Нұрсұлтан Мықтыбаев, Kyzylorda-news.kz порталы
Жылдың үздік аналитикалық материалы:
Кайрат Жандыбаев, Strategy2050.kz порталы
Жылдың үздік журналистік зерттеуі:
Михаил Козачков, "Время" газеті
Жылдың үздік сұхбаты:
Гүлбаршын Сабаева, "Egemen Qazaqstan" газеті
Жылдың үздік танымдық материалы:
Тимур Ниталиев, Sputnik Казахстан ақпараттық агенттігі
Радиостанциядағы үздік жоба:
"Atyray" радиостанциясындағы "Эфирде 102 FM" бағдарламасы
Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
TengriNews порталы
Жылдың үздік газеті:
"AQ JOL" газеті
Жылдың үздік журналы:
"Жұлдыз" журналы
Шерхан Мұртаза атындағы Номинация:
Қайнар Олжай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, публицист
Барлық финалистерге Жеңімпаз сертификаты, "Үркер" естелік мүсіні және бір миллион теңге ақшалай сый табысталды.
Көрермендер марапаттау рәсімін тікелей эфирде urker-awards.kz ресми сайтынан көруге мүмкіндік алды.
"Үркер" ұлттық сыйлығы 2017 жылдан бастап, биыл төртінші рет өткізіліп отыр. Өтінімдер 2020 жылдың 2 қазанынан 5 қарашасына дейін қабылданды. Жалпы, қатысушылардан 470 өтінім келіп түсті. Үздік жұмыстар әділқазылар мүшелерімен таңдалды, олардың құрамына беделді қайраткерлер, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және танымал қазақстандық журналистер кірді.
Ұлттық сыйлықты ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Іс-шараға "Қазақстан" РТРК мен "Хабар" Агенттігі" АҚ демеушілік жасады.