Әлеуметтік желілерде есірткі сатқаны үшін сотталған қыздың хаты жарияланды. Онда ол қазақстандық эстрада жұлдыздарына есірткі сатып алуға көмектескенін, өзін есірткі полициясы ұйымдастырған арандатудан кейін ұсталғанын айтады. Нұр-Сұлтан қалалық ПД бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.
Kozachkov offside Телергамм-арнасында пайда болған Гаухар есімді қыздың хатында оның есірткі қолданатынын, бірақ оны ешқашан сатпағанын жазады.
Әншілердің өтініші бойынша: .... (ескерту: редакция әншілер есімін атап көрсетпейді, өйткені олардың есірткі сатып алуға қатысы ресми түрде расталмаған) мен олар сатып алған есірткіні құпия орындардан барып алып тұрдым, кейде олардың ақшасын сатушыларға жолдап отырдым, яғни мен осы әншілерге есірткі сатып алуға көмектестім, оны сатқан емеспін, деп жазды ол.
Полиция көпке желі арқылы жария болған бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтады.
- Биылғы жылдың 18 мамырында "Гаухарға" қатысты есірткіні заңсыз сақтау және сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот санкция берді және оның заңдылығын астана прокуратурасының қадағалау басқармасы тексеру қажет. Одан соң 2020 жылдың 22 маусымында жедел іс-шараларды жүргізу кезінде Есірткі қылмысымен күрес басқармасы қызметкерлері салмағы 4 грамм болатын "мефедрон" есірткісін сату кезінде "Гаухарды" ұстады, оның жеке заттарын тінту кезінде салмағы 4 грамм болатын "мефедрон" есірткісі тәркіленді, - деп хабарлайды ПД.
Полиция сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған адам адвокатының қатысуымен есірткі қылмыстарын жасаудағы кінәсін толық мойындағанын айтты.
- Ұсталушы "Гаухар" тарапынан желідегі жазбада көрсетілген қазақстандық эстрада жұлдыздарының есірткі бизнесіне қатысы бар екендігі туралы жазбаша шағым келіп түскен жоқ. Адвокат Ғабиден Букеновтің бұл жазбасы қоғамның қатысуымен "өз клиентін қорғаудағы ақылға қонымсыз тәсілі" деп айтсақ болатын шығар", - деп сөзін қорытындылады полициядағылар.