Атышулы телебағдарлама жүргізушісі арнайы төсбелгімен марапатталды

Instagram
Әнші бұл төсбелгіні өзінің алып жүрген марапаттарының ішіндегі ең құндысы деп санайтынын атап өтті.

Тележүргізуші Аша Матай "Матай Бөрібай батыр" медалімен марапатталды.

Бұл туралы ол Іnstagram-дағы парақшасында жазды.

"Мен "Матай Бөрібай батыр" төсбелгісімен, яғни медалімен марапатталдым. Куәлігінде "Ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін" деп жазылыпты. Осы ретте еңбегімді жоғары бағалағаны үшін "Матай Бөрібай батыр" қорының ұйымдастыру алқасына алғысымды білдіремін", - деді Аша Матай.

Әнші бұл төсбелгіні өзінің алып жүрген марапаттарының ішіндегі ең құндысы деп санайтынын атап өтті.

Айта кетсек, 1988 жылғы Аша Матай - актриса әрі тележүргізуші. Ол "Қалаулым" бағдарламасының жүргізушісі ретінде де көптің есінде.Тұрмыста. Жары - әнші Арман Қоңырбаев. Екі баласы бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео