Жазушы, драматург Әнес Сарай Ұлттық пантеонда жерленетін болды

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Ұзақ жылғы шығармашылық жолында жазушы тарихи, әдеби-зерттеу туындыларын тарту етті.

Мемлекет басшысы жазушы, драматург Әнес Сарайдың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жеделхат мәтінін Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жариялады.

"Көрнекті жазушы, ақын, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әнес Төлендіұлы Сарайдың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Қарымды қаламгер республикалық газеттер мен баспада және Қазақстан Жазушылар одағында еңбек сіңірді. Ұзақ жылғы шығармашылық жолында тарихи, әдеби-зерттеу туындыларын тарту етті. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – делінген көңіл айту жеделхатында.

Cондай-ақ марқұм - жазушы, драматург Әнес Сарайдың Ұлттық пантеонда жерленетіндігі де айтылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео