ТМД үшін де теңдесіз. Тоқаев өз сөзінде Иманбекке де тоқталды

Instagram
Айта кетсек, 15 наурызда қазақстандық Imanbek Roses әнінің ремиксі үшін ең беделді музыкалық сыйлық - Grammy-ге ие болды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Grammy" сыйлығын жеңіп алған музыкант Иманбек Зейкеновке тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Президент осы уақытқа дейін "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасына 7,5 мың адам қатысып, еліміз талай талантты, талапты қазақстандықтардың атын танығанын баса атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, осы жобаның арқасында өзінің ерекше емдеу тәсілімен көптеген адамға перзент сүю бақытын сыйлаған дәрігер-репродуктолог Айдос Ибрагимовты бүкіл еліміз таныды.

Жобаның 2019 жылғы қатысушысы Иманбек Зейкенов жақында ғана "Grammy" сыйлығын жеңіп алып, оның аты бүкіл әлемге жайылды. Оның жетістігі тек Қазақстан үшін ғана емес, ТМД үшін де теңдесіз. Жобаның төртінші маусым жеңімпаздарының жетістіктері де ешкімді бей-жай қалдырмайды, – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетсек, 15 наурызда қазақстандық Imanbek Roses әнінің ремиксі үшін ең беделді музыкалық сыйлық - Grammy-ге ие болды.

30 сәуірде Мемлекет басшысы "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздарымен кездесіп, сөз сөйледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады