Перуашев Елбасының жас кезіне ұқсас "ескерткіштің" суретіне түсінік берді

әлеуметтік желіден алынды
Ол бұл мүсіннің қайда орнатылатындығынан бейхабар.

Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Нұрсұлтан Назарбаевтың жас кезіне ұқсас "ескерткіш" жайына түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желіде Азат Перуашев және тағы бірнеше адам ескерткіш алдында түскен суреті тарап жатыр. Ал ескерткіш Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жас кезіне өте ұқсас.

Түркістанда Назарбаевқа ескерткіш орнатыла ма? Перуашев сыйлық дайындап жатқан көрінеді, делінген сурет астындағы жазбада. Оған пікір білдірушілер: "Ұлы Елбасының ескерткіші Түркістанда пайда болады" деп жазды. Сірә, оның ашылуы 6 шілдеге орайластырылып отыруы мүмкін. Сірә, бұл парламенттік оппозицияның "сыйлығы" шығар", делінген тағы бір жазбада.

Азат Перуашев zakon.kz-ке бұл суреттің өткен қыста түсірілгенін жеткізді.

Бұл - ескерткіш емес, мүсін. Өткен қыста Ресейдің Өнер академиясының мүшесі, құрметті мүсінші Тілеуберді Бинашев үйіне шақырып, сол кезде шеберханасы мен ондағы туындыларды мақтанышпен көрсетіп, өзінің үлкен шығармашылық жолы туралы айтты. Мүсінші өзінің кейбір туындысы алдында суретке түсуді ұсынды. Қалған сөздің барлығы - біреулердің қиялы. Тілеуберді ағаға және осы тақырыпқа қызығушылық танытқандардың барлығына сәттілік тілеймін, - деді депутат.

Ол бұл мүсіннің қайда орнатылатындығынан бейхабар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды