Шіліктіде аспан астындағы мұражай салынады

altaynews.kz
Шілікті мен Жалши ауылдарының арасына салынатын мұражай-қорықтың құрылысына облыс қазынасынан 400-450 миллион теңге жұмсалмақ.

ШҚО, Зайсан ауданы, Шілікті ауылына жол салынып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Altaynews.kz мәліметі бойынша, Тасбастау ауылынан бастап Зайсанға қарай салынып жатқан тау ішіндегі жолдың ұзындығы 60 шақырымды құрайды.

Аудан әкімі Серік Зинабекұлының айтуынша, жол салу жұмыстарына облыстың қазынасынан 1 миллиард 800 миллион теңге бөлінген. Жолдың 20 шақырымы ағымдағы жылдың соңына дейін салынса, 40 шақырым жол келесі жылы салынады деп отыр.

Сонымен қатар, биыл Шілікті ауылына газ тарту жұмыстары басталады. Ал ең басты жаңалық - археологтар мен ауыл үлкендері талай жылдан бері күткен Шілікті қорымдарының ашық аспан астындағы мұражайы ақыры салынатын болды. Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының қатысуымен алдағы уақытта болатын баспасөз кездесуінде бұл туралы кеңінен талқыланып, тапсырмалар берілетіндігін жеткізді аудан басшысы.

Шілікті мен Жалши ауылдарының арасына салынатын мұражай-қорықтың құрылысына облыс қазынасынан 400-450 миллион теңге жұмсалмақ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты