Алматы әкімдігі балаларға қосымша бiлiм беру бағытына гранттар бөледі

zakon.kz
Жалпы саны 5 мың грант бөлу жоспарланып отыр.

Алматы қаласы әкімдігі "Алматы қаласының 2021 жылға арналған балаларға қосымша бiлiм беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекiту" туралы қаулысын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Жалпы саны 5 мың грант бөлу жоспарланып отыр:

- Туристік-өлкетануға 350 грант бөлінеді, білім алушының әрқайсысының білім алу шығысының орташа құны - 15 995 теңге.

- Экологиялық-биологиялық білімге 400 грант бөлінеді, білім алушының әрқайсысының білім алу шығысының орташа құны - 15 995 теңге.

- Ғылыми-теххникалық салаға 900 грант бөлінеді, білім алушының әрқайсысының білім алу шығысының орташа құны - 15 995 теңге.

- Әлеуметтік-экономикалық салаға 900 грант бөлінеді, білім алушының әрқайсысының білім алу шығысының орташа құны - 15 995 теңге.

- Көркем-эстетикалық салаға 900 грант бөлінеді, білім алушының әрқайсысының білім алу шығысының орташа құны - 15 995 теңге.

- Дене шынықтыру, спорттық салаға 900 грант бөлінеді, білім алушының әрқайсысының білім алу шығысының орташа құны - 15 995 теңге.

- Музыкалық-аспаптық (мамандандырылған) салаға 600 грант бөлінеді, білім алушының әрқайсысының білім алу шығысының орташа құны - 36 518 теңге.

- Инклюзивтік қосымша білім беруге 50 грант бөлінеді, білім алушының әрқайсысының білім алу шығысының орташа құны - 69 362 теңге.

Құжат "Ашық НҚА" сайтында 11 тамызға дейін орналастырылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс